• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

Жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өсті

1077 рет
көрсетілді

Қостанай облысында жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің айлық жалақысы өсті.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл қаңтардан бастап мемлекеттік тапсырысты орындап отырғанжекеменшік балабақша педагогтарыныңжалақысын көтеруге республикалық бюджеттен ай сайынғы трансферт бөліне бастаған. Басқарма облыстағы барлық жекеменшік балабақшақұрылтайшыларына аталмыш трансферттің тәрбиешілердің жалақысын көтеруге жұмсалатынытуралы хат жолдады.

Осылайша, қалалық мекендерде орналасқан жекеменшік балабақшада жұмыс істейтін тәрбиеленушінің айлығы 38023 теңгеге артты. Ал ауылдық жерлердегі тәрбиешінің жалақысы  41 549 теңгеге өсіп отыр.

Қостанай облысында мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда биыл 25 мыңнан астам бала мемлекеттік тапсырысы бойынша тегін тәрбиеленіп жатыр.

Мысалы, облыс орталығындағы «Бөбек» бөбекжайы мен «Бес үйрек» балабақшасында 400-ге жуық бала тәрбиеленеді. Мұнда бүгінде 25 тәрбиеші еңбек етеді. Серіктестік құрылтайшысы Қарлыға Омарованың айтуынша, осы айдан бастап әр тәрбиеші өзінің еңбек өтілі мен коэффициентіне қарай 100-150 мың теңгенің аралығында жалақы алатын болады.  

Қостанай облысы