• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Ақпан, 2021

Ақтөбеде 26 шетелдік жауапқа тартылды

134 рет
көрсетілді

2021 жылғы 15-19 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Мигрант” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу болып табылады.

Сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтау жұмыстары ұйымдастырылды. Көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін “Мигрант” республикалық жедел алдын алу іс-шараларының бірінші күнінің қорытындысы бойынша барлығы – 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 26 шетелдік және Қазақстан Республикасының 19 азаматы.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге үш шетелдік шығарылды. Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту фактісі анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.