• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2021

«Бірлік ЖШС» сауда-логистика орталығы сәуірде жұмысын бастайды

366 рет
көрсетілді

Қала әкімі М.Әйтенов Шымкент-Ташкент тас жолының бойындағы  «Бірлік ЖШС» сауда-логистика орталығында болды. Қазіргі таңда ЖШС-і тарапынан инвестиция тартылып, сауда-логистикалық орталығының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыстың жалпы ауданы – 15 га. Жалпы инвестиция көлемі – 5 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. 1-і кезең 2020 жылдың тамыз айыннан басталған. Бүгінгі таңда 800 млн теңге қаржы жұмсалып, құрылыс нысанының 80 % жұмыстары аяқталды.

Құрылысқа 140 адам тартылған. Бірінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын толығымен 2021 жылы сәуір айында аяқтау көзделуде.