Ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатындағы бір әдемі шара Көкшетау қаласында «Жұлдыз достарын шақырады» деген тақырыпта өткен еді. Оған Отанымыздың барлық өңірінен 6 жас пен 22 жас аралығындағы өнерге талабы бар таланттар қатысты.
Ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатындағы бір әдемі шара Көкшетау қаласында «Жұлдыз достарын шақырады» деген тақырыпта өткен еді. Оған Отанымыздың барлық өңірінен 6 жас пен 22 жас аралығындағы өнерге талабы бар таланттар қатысты.Олар ұлтымыздың ұлы мұрасы домбыра, қобыз және дәстүрлі ән мен термеден, сол секілді фортепианодан, үрмелі аспаптардан, эстрада жанрынан бақтарын сынады.
Екі күнге созылған өнер байқауында саланың білгір мамандары Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ш.Дукумбаева, Н.Измайлов, О.Сүлейменов, тағы басқалар қазылық жасады. Ұлттық аспаптар бойынша бірінші орынды №1 Балалар музыка мектебінің оқушысы Е.Әділбек пен Р.Ахметова иеленсе, бас жүлдені Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дала сазы» ансамблі қанжығасына байлады. Ал дәстүрлі әннен бас жүлдені Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің 1-курс студенті Г.Құдысбеков иеленді. Фортепиано бағытынан еңбегі жанғандар Щучинск қаласынан қатысқан А.Баймағамбетова және үрмелі аспаптан Ә.Алпысбаева, эстрададан Е.Ковалчук жеңімпаз деп танылды.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
Суретте: байқаудан көрініс.