Туған жерінің мәртебесін асқақтатып, өз өлкесінің өсіп-өркендеп, көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтардың бірі де бірегейі Мағауия Ақтөреұлы Мерғалиев. Ол 1961 жылы 27 шілдеде мұнайшылар отбасында дүниеге келген. Жылыой ауданының 10 жылдық мектебін тәмамдап, Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп келеді. 1981 жылы Алматы қаласындағы Ленин атындағы политехникалық институтының даярлық курсына түсіп, 1987 жылы тау-кен инженері мамандығын алып шықты. Отбасында алған ұлағатты тәрбие мен арманын ұштастырып Мағауия Ақтөреұлы еңбек ету үшін туған өлкесіне оралады. Еңбек жолын ұңғымаларды күрделі жөндеу мекемесінде шебер ретінде бастап, қызметтік сатыда бөлім бастығына дейін көтерілді.
Туған жерінің мәртебесін асқақтатып, өз өлкесінің өсіп-өркендеп, көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтардың бірі де бірегейі Мағауия Ақтөреұлы Мерғалиев. Ол 1961 жылы 27 шілдеде мұнайшылар отбасында дүниеге келген. Жылыой ауданының 10 жылдық мектебін тәмамдап, Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп келеді. 1981 жылы Алматы қаласындағы Ленин атындағы политехникалық институтының даярлық курсына түсіп, 1987 жылы тау-кен инженері мамандығын алып шықты. Отбасында алған ұлағатты тәрбие мен арманын ұштастырып Мағауия Ақтөреұлы еңбек ету үшін туған өлкесіне оралады. Еңбек жолын ұңғымаларды күрделі жөндеу мекемесінде шебер ретінде бастап, қызметтік сатыда бөлім бастығына дейін көтерілді.Бізге осындай заманда алға сүйрейтін, алдағыны ертерек ойлайтын азаматтар керек еді сол таңда. Қызметін абыроймен атқара жүріп, «Мұнай Сервис, ЛТД» мекемесін ашып, 14 жылдан бері Жылыой өңірінде ұңғымаларды қазу, күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысып келеді. Осы жылдар аралығында кәсіптік әлемде тасы өрге домалап, қосымша «НИА Дриллинг», «Триас Дриллинг», «БАМСтрой» мекемелерін ашты. Бүгінде 450-дей адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Аталған кәсіпорындардың барлығы Жылыой ауданының экономикалық өсуіне елеулі үлес қосып отырған мекемелер. Мағауия Ақтөреұлы өнімді еңбегін, өрелі ақыл-ойы мен қайрат-жігерін тәуелсіз елінің гүлденуіне, өркендеуіне жұмсап жүр. Елінің дәулетті де сәулетті болуын өндіріс орындарын ашуымен, еңбек көрігін қыздыруымен дәлелдеді. Бүгінгі нарық заманы нардың жүгін арқалар, намысын найзағайға жаныған, іс тетігін ілкімді алып жүрер басшыны талап етеді. Көңілі көреген, көкірек көзі сәулелі жігіт қана діттегеніне жетеді. Ол өз бойындағы қуат-күшін өндіріс өнімділігін арттыруға аяған емес. Сондықтан оның жұрт алдында беделі биік, берері көп. Адам бойындағы асыл қасиеттер мінезден туындайды. Оның туабітті ұстамдылығы, ақиқат пен әділеттілікті асқақ қоятындығы, бауырмал жанашырлығы, халық мүддесіне қызмет етуге құлшынысы абыройын асқақтата түсті. «Асыл адам айнымас», деп Абай айтқандай, оның асып-тасқан, кеуде керген, менменсіген кезін көрмейсіз. Сөзі мен ісі бір арнада тоғысып, толағай табыстарға қол жеткізсе де мінез сұлулығынан, мәрттігінен, әдептілігінен айныған жоқ. Отбасында жарымен бірге екі ұл, екі қызды тәрбиелеп отыр. Шаңырақтағы жарасымды тірлігімен, дос-жаранға сыйластығымен, балаларына көрсеткен үлгі-өнегесімен де оның орны шоқтықтана түседі. Ердің еңбегін бағалау, маңдай тердің қадір-қасиетін сезіну, соған лайық құрмет көрсету – басты ұстанымы. Осы арқылы ол парасат шыңына шықты. Осындай азаматтың арқасында бір өңірдің халқы жұмыспен қамтылып, кәсібінің нәсібін көріп отыр. Туған жерде терін төккен Мағауия Ақтөреұлының еңбегі еленіп «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мағауия Мерғалиев басшылық етіп отырған мекемемен іскерлік қарым-қатынас жасағанымызға да төрт жыл болыпты. Осы уақыт ішінде кәсіпкер ретінде сөзіне берік, өз ісінің білікті маманы екеніне көзіміз жетті. Қиын-қыстау кезде әркімге қол ұшын созуға дайын, адамгершілігі мол, қайырымды жан. Қай жағынан алса да инабатқа лайық иманжүзді тұлға. «Жақсыменен отырған жарты сағат, өтіп кеткен жаманның өміріндей», деп қара өлеңде айтылғандай, қашанда оны көруді, пікірлесуді аңсап тұрасың.
Құрметті Мағауия Ақтөреұлы! Азаматтығыңыз бен парасаттылығыңыз іскерлік әлемінде сізді тек жетістіктерге жетелеп, табыстарға кенелтті. Бейнеттің де зейнеті болады. Еңбегіңіз мемлекет тарапынан еленіп жатса – ол қажырлы еңбегіңіздің қайтарымы. Кәсіпкерлік сабақтастығымыз үзілмей, әрдайым байланыста боламыз деген сенімдеміз. Туған жерінің дамуына үлес қосып, халқымыздың тұрмыстық ахуалының жоғарылауына себепші болар өзіңіздей азаматтар көбейе берсін. Алар асуыңыз, шығар шыңыңыз биіктей берсін!
Сізді және «Мұнай Сервис, ЛТД» ЖШС ұжымын келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жылда денсаулық, еңбекте табысты болуға тілектеспіз.
Ізгі тілекпен: «УчетСервисКачество» ЖШС ұжымы.
Құттықтаймыз!
Аса құрметті Мағауия Ақтөреұлы!
Сізді «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болуыңызбен және Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, Қазақ елінің игілігі, баянды болашағы үшін еткен еңбектеріңізге үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз.
Сіз болашақта да мұнай бұрғылау саласындағы абыройлы істеріңіздің жеңісі мен жемісін көріңіз! Қиындығы мен қызығы мол жұмысыңыздың ырысы мен берекесін берсін.
Сіздің келешекте де егеменді еліміздің жаңа белестеріне жетуіңізге, бақытты да баянды ұзақ өмір сүруіңізге тілектеспіз!
Ізгі тілекпен: «Мұнай Сервис, ЛТД» ЖШС ұжымы.