• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 17 Ақпан, 2021

Көңіл баураған көгілдір бояулар

592 рет
көрсетілді

Суретшіні өзгелерден даралап тұратын басты қасиет табиғаттың тылсым бояуларын сезіну дейтін болсақ, Анар Әбжанованың кенебінде табиғат сұлулығы мен тіршілік келбеті түс арқылы көрініс табады. Алматыда қылқалам шеберінің «Көк түстің 50 реңі» деп аталған жеке көрмесі ашылды.

«Қазақстанның 100 жа­­ңа есімі» қатарына енген Анар Әбжанова – Қазақ­стан Су­ретшілер одағының мү­шесі. Өнерді өмір деп білетін ол бұған дейін де көрермен қа­уымға өзінің он­даған жеке көрмесін ұсынып үлгер­ді. АҚШ, Чили, Франция, Ита­лия, Ресей мемлекеттерінде өткен халық­ара­­лық байқау­лар мен пленэрлерде қол­таң­басын қалыптастырып, шы­­ғар­машылығын ұдайы дамытып келеді. «Шабыт» фес­ти­валінің лауреаты.

Түстердің тілін терең түй­сінетін туындыгер табиғат бояу­ларын көңілге көшіріп алған дерсіз. Есту қабілетінен қағажу көрсе де жарық әлем­нің алуан түрлі бояуын өте нәзік түрде сезініп, сол се­зіне білген дүниесін кенеп бетінде шебер айшықтайтын Анар­дың арманы қазақ бейнелеу өнерінде өз қолтаңбасын қалдыру. Жас талант табанды еңбек пен кіршіксіз көңіл ғана өмірді жарқын түске бояйды деп есептейді.

– Шығармашылық кешім «Көк түстің 50 реңі» деп жай­дан-жай атал­ған жоқ. Шындығында да менің бар­лық жұмыстарыма тән ортақ та негізгі рең – көк түс. Оның үс­тіне көк түс өзім үшін өнердегі негізгі де ұнам­ды түстің бірі. Көрмеге майлы және акрилді бояу­лармен салынған 60-тан астам туын­дым қойылды, – дейді автор.

Анар Алматы қаласының қысқы көріністеріне арналған суреттер топ­тамасында осы көк түстің рең-қасиеттерін мо­лынан пайдаланған. Ашық та қанық, таза көк түс ар­қы­лы қысқы аязды, алмалы ша­һардың ауа райын, ақ қар­дан сырға тағынған ағаш­тар мен ақ сәлде оранған ғи­­мараттарды дәл бедерлеген. «Кешкі сәт. Достық даң­­ғылы», «Қысқы жылы күн. Бөгенбай батыр көшесі» тә­різдес шығармаларында су­ретші түрлі түстер арқы­лы Алматының әсем бей­несін айшықтай келе, талай естеліктер тұнған таныс көшелерді көрермен кө­ңіліне барынша жақын етіп көрсетуге күш салады.

Айтулы өнер жәрмеңкесін қала тұрғындары мен қо­нақтары Достық даң­ғылында орналасқан «Алматы әуен­­дері» мекемесінің Almaty Gallery көр­месінен тегін тамашалай алады.

АЛМАТЫ