Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды. Ақпаратты қаржы мониторингі агенттігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Иә, 2021 жылдың 16 ақпанында ҚПК қызметкерлері ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде «Тенгри Банк» АҚ-ның (Tengri Bank) бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновті шынымен ұстады, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмеді», деп хабарлады ведомстводағылар.