• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2021

Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады

330 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалада өзендер маңызды рөл атқаратындықтан, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің арнасын нығайту жұмысы жүргізілуде.

Сондай-ақ абаттандыру бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін серуендеу, бос уақыт үшін қолайлы орта құру жұмысы қарастырылып жатыр.

«Биыл жаяу жүргіншілер аймағын тазарту, дуалдар мен қоршауларды дұрыс жасау, әл-Фарабиден Сайранға дейін серуендеу аймағы жеткілікті үлкен болуы үшін жарықтандыру жобасын жасауды жоспарлап отырмыз», деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, Үлкен Алматы жағалауы абаттандырылады. Қазіргі уақытта селден қорғау бөгетінен Сайран көліне дейін өзенді жайластыру жобасы әзірленіп жатыр. Осылайша, тауларды, Тұңғыш Президент саябағы мен Сайран көлін өзара байланыстыра отырып, жасыл дәлізді қалпына келтіруге, желдетуге арналған дәлізді қамтамасыз етуге және инклюзивті қауіпсіз орта құруға мүмкіндік болады.

Абаттандыру жұмысы келесі жылы басталады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау мерзімі – 2021 жылғы желтоқсан.