Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жер сату туралы пікірталастарға қатысты дауға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғыны Әнипа Сұрапбергенова ҚазҰУ түлегі екенін және ол университет жерін жекеменшікке беру туралы қауесет естігенін айтты. Сондай-ақ ол қала әкімінен бұл ақпараттың қаншалық рас екенін сұрады.
Бақытжан Сағынтаев жоғары оқу орнының аумағын ешкім жекеменшікке бермейтінін баса айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде ҚазҰУ-ға тиесілі Алматыдағы жер учаскесі жеке тұлғаға берілді деген ақпарат пайда болды. Кейін жоғары оқу орнына университеттің жер телімдерін сатқаны үшін айып та тағынған еді.
«Университет айналасындағы барлық аумақ университетке тиесілі. Егер ЖОО бұл жерді басқа біреуге бергісі келсе, онда ол әкімдікке «жер маған керек емес, оны кері қайтарып ал» деген ұсыныс айту керек. Қазір университетке жаңа ректор тағайындалды. Біз онымен кездесіп, осы тақырып туралы сөйлестік. Ол жерді беру мүмкін емес, бұл дұрыс емес және бұл университетті дамыту үшін қажет деп нық айтты. Бұл − оның ұсынысы. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының территориясын басқа біреуге беру туралы әңгіме жоқ екенін тағы айтқым келеді», деп түсіндірді қала әкімі.