Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі Алматы облысында 1 трлн теңгеге, бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2,8 млн теңгеге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл жайлы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есепті жиынында айтты.
Ұлттық тауар жеткізу жүйесі шеңберінде облыста Еңбекшіқазақ ауданында және Қапшағай қаласында екі көтерме-тарату орталығы құрылады. Заманауи КТО өнімді бір жерге жинақтауға, оны шығынсыз сақтауға, ішкі нарыққа ғана емес, сыртқа экспортқа шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.