• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Ақпан, 2021

Мемлекеттік театр «COVID-19» атты жаңа туындыны ұсынады

167 рет
көрсетілді

«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» атты жаңа туындыны ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz7

Спектакльдің атауы айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» мәселесі. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті пафосқа толы образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті... 

Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?  Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын көрермендер «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден табады.

Спектакльдің режиссер-хореографы – «Astana Musical» театрының артисі Анель Мырзағұлова, музыкалық туындыларды «Astana Musical» артисі Ақжол Өмірзақов жазған.

Театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин.  

Жаңа қойылым 26-27 ақпанда сағат 19.30-да «Қазақстан» ОКЗ-да  (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді.