Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Өрт бүгін, 18 ақпанда сағат 00.50 шамасында болды. Облыс орталығындағы Кызылжарма шағын ауданы аумағында тұрғын үйде өрт шыққан.
«Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01.23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.