• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 18 Ақпан, 2021

Алматыда МӘМС аясында 41,5 мың КТ мен МРТ жасалды

246 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жұртшылықты сақтандыру статусымен қамтамасыз ету – МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. 1.02.2021 жылғы мәлімет бойынша Алматыдағы 1,9 млн тұрғынның 81,5% сақтандырылған.

Жергілікті атқару органдарымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстар оң нәтижесін беріп те жатыр. Мәселен, өткен жылдың 1 тамызында Алматыда сақтандырылмағандардың үлесі 22,6% болса, жыл соңында 15% дейін қысқарды. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 18,5% өсіп отыр. МӘМС үшін жарналар мен аударымдардың түсуі жалғасуда. МӘМС жүйесі енгізілген сәттен бастап (2017 жылғы 1 шілде) 2021 жылғы 15 ақпанға дейін 529,1 млрд теңге түсті. Барлық қаражаттың бестен бір бөлігі бұрынғысынша Алматыға тиесілі. Жалпы, Алматыдан түскен түсімдердің жалпы сомасы 99,5 млрд теңгеден асты. Түсімдердің негізгі бөлігі немесе 79 млрд теңгеден астам-бұл жұмыс берушілердің аударымдары, қалған 20,5 млрд теңге-жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналары.

Сондай-ақ ай сайын БЖТ төлеушілердің өсуі байқалады. 2019 жылдың басынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған 197 мыңнан астам алматылық 392,3 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген.2021 жылға Алматы қаласының денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 186,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде ТМККК шеңберінде 109,5 млрд теңге, МӘМС жүйесінде 77,3 млрд. теңге. Қордың Алматы қаласы бойынша деректер базасында барлығы 317 өнім беруші (жеткізуші) бар.

Ағымдағы жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге 183 денсаулық сақтау субъектілерімен жалпы сомасы 179,2 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 44% - мемлекеттік меншік нысаны, 56% - жеке меншік иелері.ТМККК шеңберінде 104,3 млрд теңге сомасына 152 денсаулық сақтау субъектілерімен қызметтер көрсетуге шарттар жасалды, оның ішінде 47% мемлекеттік, 53% жеке меншік нысаны. МӘМС жүйесінде 74,9 млрд теңге сомасына 163 денсаулық сақтау субъектілерімен шарттар жасалды, оның 45%-ы мемлекеттік, 55%-ы жеке меншік нысаны.Жалпы, МӘМС реформасы халықтың денсаулыққа жұмсайтын шығындарын қысқартуға бағытталған. Мәселен, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады.

«Өткен жылы сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген КТ/МРТ, ПТР сынды т.б. қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе артты. Мысалы, 2020 жылы Алматы қаласы бойынша 41 мың 540 КТ/МРТ жасалған. Оған 543,1 млн теңгеден астам қаражат төленді. Сонымен қатар, онкологиялық сырқатты анықтау мақсатында жасалатын 7 мың ПЭТ-диагностика қызметі көрсетілген (позитронды-эмиссиондық томография). Оған 1,2 млрд теңге төленді», деді Т.Әбілдаев. 

МӘМС енгізілгелі бері медициналық реабилитацияға, жалпы, медициналық көмектің барлық түрлеріне бөлінетін қаражат көлемі едәуір артқаны байқалады. Мысалы, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру деңгейі 7%, профилактикалық тексерулер 162%, консультативтік-диагностикалық қызметтер 49%, онкогематология 17%, гемодиализ 6%, стационарды алмастыратын көмек 13%, стационарлық көмек 8%, қалпына келтіруге бағытталған ем-дом 63%, паллиативтік көмек - 12% өсті.