«Батыс» өңірлік қолбасшылығындағы азық-түлік қызметінің үздік мамандары Армия халықаралық ойындарының «Дала ас үйі» сайысына дайындалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Команда құрамында екі наубайшы және екі аспаз бар. Бұл сайыстың ерекшелігі қатысушылар далалық жағдайда тағам даярлауы қажет.
Дайындық барысында қатысушылар біліктіліктерін жетілдіріп, қаладағы үздік аспаздармен тәжірибе алмасады.