• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 19 Ақпан, 2021

Елбасы Академиясы 2 мыңға жуық оқушыны тегін оқытады

474 рет
көрсетілді

Шалғай өңірлердің екі мыңға жуық дарынды оқушысы Birge Oqý жобасы аясында еліміздің жетекші педагогтерінен білім алуда. Birge Oqý онлайн-мектебі – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ең танымал және сұранысқа ие жобаларының бірі.

Академияның бас­қа­­рушы директоры Әнуар Жанғозиннің ай­­туын­ша, жоба қала мен ауыл оқушылары ара­­сын­дағы білім беру тең­сіздігін қысқартуға ба­­ғытталған.

Онлайн мектепте 6-7 сы­нып оқушылары оқи алады. Өйткені дәл осы кезеңде олардың пәндік білімге белсенділігі артады. Айта кету керек, қазақстандық және ше­тел­дік сарапшылар, сон­дай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар жоба аясында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді.

«Өткен жылдың сә­уір айын­да біз онлайн оқы­туды қа­лай жүр­гізу керектігі тура­лы ауқымды талдау жұ­­мыс­та­рын жүргіз­дік. Бұл бар­лық оқу­шы қашықтан білім алу­ға мәжбүр болып, қиындыққа тап бол­ған кезең болатын. Мұ­­­ға­лімдер, балалар мен ата-аналардың басым бө­лігі білім алу про­­це­сінің бір сәтте өзге­ріс­ке ұшырауына дайын болмай шықты. Біз қашықтан оқыту сапасы тақырыбында 100-ден астам тікелей эфир өт­кіз­дік, нәти­же­­лерді тал­­дадық, барлық тілек­тер­ді ес­кер­­дік және онлайн-мек­теп құрдық», дейді Ә.Жанғозин.

Айта кетейік, он­ла­йн-мек­тепте оқы­ту тегін жүр­­гі­зі­леді. Са­бақ­ты еліміз­дің же­­­тек­ші пе­дагогтері – На­зарбаев зияткерлік мек­­тептері, Рес­пуб­ли­­калық физика-ма­те­­матика мектебі, аста­на­лық лицейлер мен халықаралық мек­теп­тер­дің 70-тен астам мұғалімі өткізеді. Ж­оба іске қосылған сәт­тен бастап математика, ағылшын, қазақ және орыс тілдері бо­йынша 40 мыңнан астам сағат өтті. Мек­тепте  тью­тор­лардың қыз­ме­ті де қа­растырылған. Олар оқу­шылардың са­­баққа қа­­тысуы мен үл­ге­рі­мін ба­қы­лай­тын, тү­сін­ді­ру және тәр­бие жұ­мыс­тарын жүргізетін кон­суль­танттардың рө­лін ат­қа­рады.

 

«Егемен-ақпарат»