• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2021

Экологиялық ахуалды білу оңайлады

338 рет
көрсетілді

Алматыда экологиялық ахуалға монито­ринг жасайтын онлайн-карта енді тұрғын­дар үшін қолжетімді болды. Аталған карта қор­шаған ортаның жағдайы, атмосфера­лық ауаның сапасы туралы кең ауқымды ­ақпа­рат ұсынады.

Қалалық жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, онлайн – карта экологиялық жағдай жөніндегі барлық мәліметті біріктірген  динамикалық платформа. Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режімде ауаның жағдайы туралы ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. Барынша рұқсат етілген концентрация индикаторларының динамикасы да көрсетіледі.

Стансалар атмосферадағы ластаушы зат­тардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері және орташа күндік көрсеткіштері есептеледі. Жобаның мақсаты – қарапайым азаматтарға, сарапшы­лар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар жинақталған көрсеткіштер бо­йынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.

Қазіргі таңда қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станса бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылып, жұмыс барынша сапалы жүргізіледі деген үміт бар.