ҚР Бас прокуратурасы жолдағы апаттардың электронды картасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың атап өтуінше, картада адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары бойынша статистика көрсетіледі.
Бұл картада азаматтардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төндірмеген жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары есепке алынбайды. Карта жергілікті атқарушы органдар, жол полициясы қызметтері, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ үшін апаттылықтың алдын алу және азайту, қажетті жол белгілері мен таңбаларды орналастыру мақсатында уақтылы шаралар қабылдау, апатты учаскелерді уақтылы жөндеу, сондай-ақ тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдауды талдау үшін пайдалы.
Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттің сайтынан «qamqor.gov.kz» «Ақпараттық сервис» бөлімінде көруге болады. Ол үшін «геоақпараттық жүйелер» терезесіне өту, «ЖКО» қосымша бетін таңдау, сондай-ақ уақыт пен өңірдің қызықтыратын параметрлерін орнату қажет.