• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2021

Ақтөбеде өртенген үй үйіндісінің астынан адам денесі табылды

597 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында үй өртініп, 81 жастағы қарттың денесі табылды.

Ақтөбе қаласындағы Заречный-4 елді мекенінде үй өртенді. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 33 адам және 9 техника жіберілді. Ағаштан салынған үй толық жанып кеткен. Жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрады. «Өрт кезінде үйдің шатыры мен қабырғасы құлады. Үйінді астынан 1939 жылы туған үй иесінің денесі табылып, марқұмның туысына психологиялық көмек көрсетілді», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.