Жеңіс Қасымбек онлайн есеп беру кезінде Қарағанды өңірінде жаңа оқу жылынан бастап мектептерде тегін тамақ алатын балалар санының артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Өткен жылғы есептік кездесуде уәде еткендей, биылдан бастап барлық 1-2-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. Енді қыркүйек айынан бастап 3-ші және 4-сыныптарды да қамтитын боламыз, деді облыс әкімі.
Былтыр облыста жаңа жабдықтармен жарақтандырылған 26 қосымша білім беру орталығы ашылды. Жаңа мектептер Жезқазғанда, Қарағандыда және Ұлытау ауданында салынды. Биыл Шет ауданының Киікті ауылында, Жезқазған қаласының Теректі стансасында, Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде және Қарағандыда құрылысы жүріп жатқан төрт мектепті тапсыру жоспарда тұр.
Облыс басшысы үш жасқа дейінгі және ерекше қажеттіліктері бар балаларды бала бақшалармен қамтамасыз етудің басты міндет екенін айтты. Осы жыл аралығында 1500 орындық 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылыпты. Бұл үш жасқа дейінгі балаларды қамтуды 61%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берген.