• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Туризм 19 Ақпан, 2021

Қарағанды облысында туризм тың серпінмен дамиды

723 рет
көрсетілді

Онлайн есеп беру барысында Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысында туристер үшін жаңа демалыс орындарының пайда болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы ол Балқаш курорттық аймағын дамытуға шамамен 30 млрд теңге жұмсалатынын айтты.

– Бізде үш туристік кластер бар. Олардың қатарына  50 өңірлік жобалар тізіміндегі ұлттық жобалардың ондығына кіретін Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау бар. Жеке инвестициялар есебінен тоғыз жаңа демалыс аймағының құрылысы басталады. Резервте жағалау аймағындағы туристік инфрақұрылым үшін тағы 60 га бос жер бар, – деді облыс әкімі.

Туристік саланың аясы Балқашта ғана емес, Қарқаралыда да кеңеюде. Мұндағы бес жеке демалыс аймағын ашуға 1 млрд теңгеден асатын инвестиция салынбақшы. Ұлытауда туристерге арналған визит-орталықтың құрылысы аяқталды. Ауданда қасиетті орындар мен көрікті жерлерге жолдар жөнделуде. Биыл Жошы ханның тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталуға тиіс.