• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 22 Ақпан, 2021

Кітап оқудан кім алда?

185 рет
көрсетілді

Мектеп оқушылары арасында өткен «Кітап оқығанды жақсы көремін» республикалық байқауы бала қиялының шексіздігіне көз жеткізді.

Халықаралық EDU Stream­ оқу орталығы мен Express Publishing баспасы бірігіп ұйымдастырған бай­­қауға еліміздің түкпір-түк­пірінен 150-ге жуық бейнеролик келіп түскен. Алматы, ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Маң­ғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Павлодар, Қостанай өңір­лерінен қа­тысқан бала­лардың бір ми­нуттық роли­гінде кітапқа, білімге деген сүйіс­пеншілік сезімі баяндалады. Өнерлі жасөспірімдер тың жоба барысында сюжетке сценарий жазуға, бейнемонтаж жасап, өздерін камера алдында еркін ұстауға талпынған.

Өткен жылдың 14 желтоқ­саны мен биылғы 1 ақпанға дейінгі аралықты қамтыған сайыс­ қо­ры­тындысы қазылар алқа­сы­ның шешімі мен көрермен көзайымы, яғни EDU Stream-нің инстаграм парақшасында ең көп лайк пен пікір жина­ғандар санаты бо­йынша шыға­рылды.

Байқау нәтижесінде Маң­ғыстау облысы, Мұнайлы ауда­ны № 6 мектебінің 5-сынып оқушысы Алмас Таласхан «Көрер­мен көзайымы» атанып,­ инстаграмда ең көп лайк пен пікір жинаса, ал  қазылар ал­қасының шешімімен бас жүл­де Өскемен қаласындағы №30 мектептің 1-сынып оқу­­­шысы Кирилл Егоровқа бұйыр­ды. Өзінің физикаға деген құш­тарлығын паш еткен балақайға қазылар алқасы бір ауыз­дан жоғары баға беріп, жеңім­паз деп таныды. 

– Балалардың арман-қия­лын түрлі форматта жеткізе білуі маған өте ұнады. Бірін­ші кезекте мені қатты таңғал­дыр­­ғаны – бірінші сынып оқу­­­шысының физиканы әлі оқымай жатып физика не үшін керек екенін саналы түрде бі­ліп отырғаны. Байқау өте сәт­ті өтті. Қазір инстаграмда, тик-токта түрлі трендтер көп, ал бірақ дәл қазір ба­ла­­лар­ға осындай маңызды жо­­балар жетісе бермейді. Сон­­дықтан «Кітап оқығанды жақ­­сы көремін» байқауы әрі қа­рай да жүйелі жалғасын та­­ба беруіне тілектеспін, – де­ді қатысушылардың жұ­мы­сын бағалаған сарапшы, «Тенгриньюс» АА қазақ редак­ция­­сының бас редакторы Ар­дақ Құлтай.

Айта кететін жайт, қазы­лар алқасы құрамына таны­мал журналистер, қоғам қайрат­кер­лері мен блогерлер тартыл­ды. 

– Бүгінгідей интернет да­­мыған заманда балалар­дың­ кітап оқудан да артта қа­­лып жатпағаны мені қай­ран қалдырды, – дейді қазы­лар алқасының мүшесі, Қа­зақ­станның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева.  – Бала­ларымызға мән беріп, олармен қоян-қолтық жұ­мыс істеу үшін мұндай байқау­ларды әлі де көбейте беруіміз керек.