• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2021

Жітіқара тұрғынының ішкиімінен 17 орам есірткі табылды

343 рет
көрсетілді

Жітіқара қаласының тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысып келген 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелді  ұстады.

Жітіқарадағы пәтерлердің бірінде есірткі сатылатыны туралы жедел ақпарат алысымен дереу іздестіру шараларына кіріскен полиция қызметкерлері аталмыш пәтерді тінту барысында фольгаға оралған 17 есірткі түйіншегін тапқан. Зертханалық тексеру қорытындысы бойынша табылған есірткі заттары героин болып шықты. Аталмыш пәтерде тұрып жатқан ер адам полиция есік қағып жатқанда, есірткіні іш киіміне тығып үлгерген.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуы бойынша, наркодиллерлер жергілікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.  Есірткі сатушы әйел жүктілігіне қарамастан өзі де есірткіні пайдаланған.

«Күдіктілер аудандық соттың шешімімен қамауда жатыр. Аталған қылмыс аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3 бөлім, 1 тармағына сәйкес  күдіктілердің мүлкі тәркіленіп,  әрқайсы он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін» деді бөлім бастығы.