• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2021

Павлодар облысында ауыл тұрғындарынан тіркелмеген тапаншалар табылды

212 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Павлодар өңірінің тұрғындарынан 106 дана қару тәркіленді,  деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің полицейлері ауыл тұрғынынан “Байкал” травматикалық тапаншасын тәркіледі. Тапанша ішкі істер органдарында тіркелмеген. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ауданның тағы бір тұрғынынан нөмірсіз “МР-461” маркалы травматикалық тапаншаны алды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.