Өткен жұма күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан бір үйдегі бес бірдей бала көз жұмған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қара жамылған Әбдімәліковтер отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізген еді.
Президент тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық және дәрігерлік қолдау көрсетілді. Балаларды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сонымен қатар, балалардың ата-анасына демеушілер Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер алып берді.
Ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспананы қажетті жиһаз бен техникамен қамтыған.
Қоғамдық ұйымдардың, демеушілердің ұйымдастыруымен қаралы отбасына 3 миллион теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер бір күндік жалақысын көмек ретінде аударатын болды.
Жамбыл облысы