• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Ақпан, 2021

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев халықаралық жарысты сәтті бастады

166 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшылар Болгарияда халықаралық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Софияда бокстан "Странджа-2021" халықаралық бокс бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Саматәлі Төлтаев жарысты жеңіспен бастады. 

Алғашқы айналымда ол түркиялық Айкөл Мизамды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Айта кетерлігі, аталған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.