• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2021

Еңбек нарығы оңалып келеді

651 рет
көрсетілді

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша, 2020 жылдың соңында жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар саны жұмыс күші санының 1,5%-ын, яғни 141,8 мың адамды құрады.

Тіркелген жұмыссыздықтың ең жо­ға­ры деңгейі Батыс Қазақстан (4%), Аты­рау (3,3%) және Қызылорда (2,9%) об­лыс­тарында байқалады. Бұл ретте 2021 жылдың басындағы жалпы жұмыссыздық көр­сеткіші 4,9%-ды құрады, бұл 2020 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Жал­пы және тіркелген жұмыссыздық арасын­да­ғы айырмашылық оларды есепке алу әдіснамасымен түсіндіріледі, барлық жұ­мыссыз жұмыспен қамту орта­лық­та­рын­да тіркелгісі келмейді, өз бетінше жұ­мыс іздеуді қалайды.

 «Өткен тоқсанмен салыстырғанда, 2020 жылғы 4-тоқсанда жұмыссыздар саны 453 мың адамға дейін – 1,8 мыңға төмендеді, алайда 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 11,6 мыңға жоғары. Бұл ретте жас­­тар арасындағы жұмыссыздықтың 2019 жылғы 4-тоқсандағы 81,1 мың адамнан өткен жылдың соңында 76,6 мыңға дейін қысқарғанын атап өтуге болады», деді ЕРДО Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы эпи­демия­лық жағдайдың жақсаруы және эко­но­микалық белсенділіктің қалпына келуі адамдарды бұрынғы жұмыс режі­міне біртіндеп қайтару есебінен бел­сен­ді жұмыспен қамтылмаған адамдар са­ны­ның қысқаруына ықпал еткенін атап өтті. Осылайша, уақытша жұмыспен қам­тылмағандардың саны (кәсіпорынның қыз­метін тоқтата тұру немесе жұмыс беру­шінің бастамасы бойынша жұмыс істемеген адамдар) 147 мың адамға дейін қысқарды, 2020 жылғы 2-тоқсанда 536 мың адам болды. Алайда 2019 жылдың соңындағы жағдаймен салыстырғанда, 2020 жылдың 4-тоқсанында бұл санат 48 мың адамға көп.

ЕРДО мәліметтері бойынша, белсенді жұ­мыспен қамтуға қатысушылар саны­ның артқаны байқалады: 2020 жылғы 4-тоқсанда жұмыспен қамтылғандардың саны 3-тоқсанмен салыстырғанда 0,4%-ға (31,3 мың адам) өсіп, 8,75 млн адамды құрады. 4-тоқсанда жалдамалы жұ­мыс­кер­лердің саны 0,3%-ға (676 мың), өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 0,4%-ға (2,1 млн) ұлғайды.

Өткен жылдың соңындағы деректер бойынша, экономикалық қыз­мет тү­р­лері бөлінісінде жұмыспен қамтыл­ған­дардың 54,9%-ы (4,8 млн) сауда, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп салаларында еңбек етеді. Бұл ретте 2019 жылдың соңындағы дерек­термен салыстырғанда, жұмыспен қамтудың ең көп қысқаруы тұру және тамақтану бойынша қызметтер (-12,1%), өнер және ойын-сауық (-5,8%), көлік және қоймалау (-3,7%), әкімшілік және қо­салқы қызмет көрсету (-3,1%), кәсіби және ғылыми қызмет (-3%) сияқты сек­­торларда байқалады. Бұл ретте бір жыл­­дық кезеңде де, тоқсан ішінде де 2020 жылдың соңында жылжымайтын мүлік (+9,2%), басқа да жеке қызметтер (+6,8%), қаржы және сақтандыру (+3,9%) және денсаулық сақтау (+3,8%) опе­рация­ларымен байланысты салаларда жұ­мыспен қамтылғандар санының өсуі бай­қалады.

«Жоғарыда аталған салаларда жұ­мыс­­пен қамтудың төмендеуі шектеу шара­ларының аясында күтілуде. Бұл са­ла­лар ең көп зардап шекті, енді біртін­деп қалпына келтіру жалғасуда», деп қорытындылады А.Молчановская.