• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Ақпан, 2021

Аса қиын топқа тап болды

209 рет
көрсетілді

Кеше Нидерландтың Роттердам қа­ла­­­сында осы жазда Токиода алауы тұ­­тануы тиіс Олимпия ойындары бағ­­дар­­ламасындағы ватерполшылар тур­нирінің жеребесі тартылды.

Соған сәйкес Қазақстанның ерлер құра­масы «В» тобында өнер көрсететін болды. Қарсыластарымыз – Аустралия, Хорватия, Сербия, Испания және Черногорияның су добы шеберлері.

Өздеріңіз байқа­саңыздар, бұл командалар арасында осалы жоқ. Бар­лығы да аса ірі халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген мықты әрі тәжірибелі құрамалар. «А» тобында Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Мажарстан, Грекия, Жапония және Италия ватерполшылары өзара күш сынасады.

Ал әйелдер сайысына қатысатын командалар мынадай топқа бөлінді: «А» тобы – Аустралия, Оңтүстік Африка Республикасы, Нидерланд, Испания және Канада. «В» тобы – Ресей, Қытай, Мажарстан, АҚШ және Жапония.