• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2021

Алматы тауларында әйел адамның денесі табылды

1096 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Медеу ауданының таулы аймағында әйел адамның денесі табылды. Бұл туралы Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында 40-45 жас шамасындағы еуропа нәсілді әйелдің денесі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, таңертең жүгіруге шыққан ер адам әйелдің жансыз денесін тауып алып, полиция шақырған. Қазір оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде таралып жатыр.