• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2021

«Жезқазған-Петропавл» жол бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді

261 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында 23 апқан сағат 16:15-те қар жауып, бұрқасын болып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Барлық көлік түрлеріне қозғалыс «Жезқазған-Петропавл» автотрассасының 24-136 шақырымында Сәтпаев пен Ұлытау ауылдарының аралығында шектелді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтерінше осы уақытта Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысты қамтамасыз етуге арнайы техниканың 598 бірлігі мен 974 адам жұмылдырылған.