• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2021

Боран: Қостанай облысындағы ірі жол апаты

2473 рет
көрсетілді

23 ақпан күні сағат 14:00 шамасында Қостанай – Қарабұтақ бағытындағы күре жолдың бойындағы Әйет өзенінен өтетін көпірдің үстінде 5 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Қостанай облысы полиция департаменті басшысының кеңесшісі Елена Кашаринаның айтуынша, ЖКО нәтижесінде «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі дене жарақатын алған.

«Әуелі «Фольксваген» автокөлігі мен шағын автобус соқтығысып қалған. Жол апатына түскендердің жағдайын білмек болып тағы бір шағын автобус келіп тоқтағанда, оның артынан қытайлық жүк көлігі келіп соққан. Кейін төртеуіне «Лексус» келіп соғылады» - деді Е.Кашарина.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері  жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жол апаты қарлы боранның салдарынан болған дейді.