• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2021

Науырзымдықтар ғажайып құбылысқа куә болды

1661 рет
көрсетілді

Қостанай облысының тұрғындарын табиғаттың тосын құбылысы таңғалдырды. Бүгін таңертең Науырзым өңірінде жергілікті тұрғындар көкжиектен 4 бірдей күннің сәулесі түсіп тұрғанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қыстың аязды күндері байқалатын бұл құбылыс паргелий деп аталады. Паргелий – көне грек тілінде «жалған күн» деген ұғымды білдіреді. Кейде әлі көтеріліп үлгермеген күннің шапағы көкжиекте кәдімгі күннің көзі сияқты болып көрінеді екен. Кейбір тұрғындар қыстың қатты аязында аспаннан 5 бірдей «жалған күн»  көргендерін айтады.

Мұның сыры мынада екен: қыста атмосферадағы ылғалдың микротамшылары қатты аяздың салдарынан мұз кристалдарына айналады. Миллиондаған микрокристалдар ауа ағысының әсерінен әр жерге шоғырланып, шығып келе жатқан немесе батып бара жатқан күннің сәулесіне шағылысады. Ал біздің көзімізге ол кәдімгі күннің көзі сияқты болып көрінеді екен.