Теннистен Аустралияның Аделаиде қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир Қазақстанның екінші және әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Жүлде қоры 535 530 АҚШ долларын құраған жарыстың тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз WTA тізімінде 53-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундты 6:4, 6:4 есебімен ұтқан еді. Екінші кезеңде оның жолы аустралиялық Сторм Сэндерспен қиысты. Әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған қарсыласына Юлия Путинцева есе жіберді. Есеп – 4:6, 7:5, 1:6. Осылайша, қазақстандық теннисіші үшін жасыл құрлықтағы жарыс аяқталды.