• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Ақпан, 2021

Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті

533 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр және герман компанияларының басшылары онлайн-кездесу өткізді, оның барысында «жасыл экономиканы» дамыту, шикізатты декарбонизациялау, қайта өңдеу және сутегі экономикасы саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуге Siemens Energy, Linde, Deutsche Bahn, REMONDIS, Deutsche Bank, Bayer, SAP, Goldbeck Solar және басқа да 80-нен астам жетекші неміс компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.

Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс сөз сөйлеп, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Онлайн-кездесу барысында Германияның жетекші компанияларының басшылары «жасыл экономиканы» дамыту перспективаларына, екіжақты ынтымақтастық әлеуетіне және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Кездесу соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті.