• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2021

«Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық онлайн-жиын өтті

584 рет
көрсетілді

Бүгін Анкара қаласында Халықаралық Түркі академия мен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесіп «Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық онлайн-жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн форматта өткен  басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Қыран, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Уфук Улуташ,Түркия Республикасының  Президенті жанындағы Қауіпсіздік және сыртқы саясат кеңесінің мүшесі Айгүн Аттар,  Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, ТүркПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз,  ТЮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, Түркі кенесінің Тұңғыш Бас Хатшысы Халил Акыджы, ЮНЕСКО істері бойынша Түркия ұлттық комиссияның төрағасы, профессор Өжал Оғұз, Каппадокия  Университетінің ректоры Хасан Али Карасар, Таяу Шығыс техникалық университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Октай Танрысевер, сонымен қатар түркі тілдес Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталған жиында Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі модераторлық етті. Келелі кеңеске қатысушылар Түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы баяндамалар жасады. Сонымен қатар, осы бауырлас елдердің арасындағы интеграцияны одан әрі нығайту жөнінде сөз болды.