• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Жәдікбайдың жатыпатарлары

380 рет
көрсетілді

Кеңес өкіметінің кезінде Талас ауданына қарасты «Ойық» кеңшарының есеп-қисап бөлімінде Жәдікбай Ізбасов деген ағамыз қызмет еткен болатын. Ауылда Жәдікбай атты екі адам болған соң жұрт оны «Қара Жәдікбай» дейтін. Алып денелі, бірақ бала мінезді сол көкеміздің аузынан шыққан уытты сөздерді ауыл тұрғындары жүрген жерлерінде бір-біріне қайталап айтып, қыран-топан күлкіге қарық боп жататын...

«ЕМШЕКТЕН ШЫҒАРҒАН БАЛАДАЙЖЫЛАП-ЖЫЛАП БІЗ ДЕ ҚОЯМЫЗ ДА»

Кеңес өкіметінің кезінде Михаил Горбачевтің маскүнемдікпен күрес жөніндегі атышулы қаулысы шығып, арақтың бағасы күрт қымбаттап, онымен қоймай «ащы судың» сатылуына да тосқауыл қойылған кезде бір құрдасы Жәдікбай көкеме келіп:

– Оу, Жәке-ау, арақты қымбаттатқанымен қоймай, оны дүкеннің сөресінен алып тастағаны қиын болды ғой. Енді қайтеміз? – дейді уайымдап.

Сонда Жәдікбай көкем аузын толтырып, асықпай сөйлейтін әдетімен:

– Е-е, қайтушы ек, емшектен шығарған баладай біз де бір-екі апта «жылап, жылап» қоятын шығармыз, – деген екен түк болмағандай.

«ҚАРА СУДЫ ҚАЙТА-ҚАЙТА ІШКЕН АДАМДАЙ«КӨКҚАРЫН» БОЛАТЫН БОЛЫППЫЗ ҒОЙ...»

Жаңалықты жұрттың бәрінен бұрын еститін әлгі құрдасы арада біраз уақыт өткеннен кейін Жәдікбай көкеме тағы да жетіп келіп:

– Оу, Жәке, арақтың бағасын арзандатып саудаға қайтадан шығаратын болыпты. Бірақ бұрынғы «ақаңдай» емес, оның күші бар болғаны 30-ақ градус екен, – дейді.

Сонда ақырып тұрған «ақаңның» бір бөтелкесін тартып жіберсе де мыңқ демей жүре беретін алып көкем:

– А-а, не дейт?!. Онда қара суды қайта-қайта іше берген адамдай «көкқарын» болатын болыппыз ғой, – деген екен кәдімгідей қайғырып.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар