• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Ақпан, 2021

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

155 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте елімізге Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Egemen.kz Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 838 жолаушы, анықтамамен - 802, анықтамасыз - 36;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 530 жолаушы, анықтамамен - 282; анықтамасыз - 248;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 293 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.