• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Несиелік серіктестіктерге бюджеттен көмек керек

482 рет
көрсетілді

Біздің атымызға бірнеше ауылдық несиелік серіктес­тік­тер басшылары атынан ауыл шаруашылығы тауарларын өн­дірушілерді несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуді сұраған үндеу келіп түсті.

Біздің атымызға бірнеше ауылдық несиелік серіктес­тік­тер басшылары атынан ауыл шаруашылығы тауарларын өн­дірушілерді несиелендіру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуді сұраған үндеу келіп түсті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 25 қаңтарындағы №137 қаулысымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың қатысуымен несиелік серіктестіктер құрылды. Олардың жалпы саны бүгінгі таңда 168 бірлікті құрайды.

Қазіргі кезде 10 000-нан астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері несиелік серіктестіктердің қатысушылары болып табылады және осы несие­лік серіктестіктердің қаты­сушылары олар үшін несиелен­дірудің жалғыз көзі болып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, несиелік ресурстардың қайтарылымы 92%-дан астам. Мысалы, Алматы облысында 18 несиелік серіктестік құрылды және жұмыс істеп тұр, 2700 ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілер олардың қатысушылары болып табылады, несиелік ресурстардың көлемі 7 млрд.-тан астам теңгені құрайды. Биылғы жылы қосымша 1500 қатысушы тартылды, олардың саны жыл сайын ұлғая түсуде.

Сонымен бірге, Үкіметтің қабылдаған «Агробизнес-2020» бағдарламасында ауыл шаруа­шылығы тауарларын өндіру­ші­лерді республикалық бюджеттен кредиттік серіктестіктер арқылы несиелендіру көзделмеген. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңіл­детілген несиелерден айырылып отыр, ал екінші деңгейдегі банктердің несиелік ресурстары олар үшін қолжетімді болмай тұр.

Қалыптасқан жағдайға назар аударсақ, несиелік серік­тес­тіктердің барлық жүйесі бойынша жеңілдетілген несие ресурстарын аса қажет ете­тін қатысушылардың – ауыл шаруашылығы тауарларын өңді­ру­шілер санының өсе түскенін көріп отырмыз.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін (мез­гілдік, ауылдық кепілдік қам­тамасыз ету, несиелік серік­тестік қатысушыларының ын­тымақтастық қағидаты) ескеріп, несиелік серіктестіктерді қар­жыландырудың бірегей жүйесін құрғанын атап өту қажет. Бұл жүйе ауыл шаруашылығы биз­несін дамытуда өзінің өмір­шең­дігін және тиімділігін көрсетті.

Ауыл шаруашылығы өндірі­сіндегі жоғары тәуекелдердің (астықтың шықпай қалуы, мал індеті, т.б.) болуынан қатысушы­лардың төлемдерді мерзімінен ұзартып төлеуге (айыппұлсыз, өсімпұлсыз, соңғы мүлкін сатусыз) және бар қарыздарын келешекте алынатын астық пен келесі өндірістік кезеңдердегі қызметінде түсетін ақшалай түсімдердің есебінен өтеуге мүмкіндіктері болуға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға бай­ланысты, Үкімет несиелік се­рік­тестіктерге 2014-2020 жылдар кезеңінде Республикалық бюд­жеттен жыл сайын 40 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қара­жат­ты бөлуге ықпал етсе, ауыл ша­руашылығы тауарларын өндіру­ші­ле­р үшін үлкен жеңілдік болар еді.

Әлихан ТОЙБАЕВ,

Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар