• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 25 Ақпан, 2021

Ольга Перепечина: Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі басым

143 рет
көрсетілді

Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінде мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу болды. Онда жалпы сипаттағы трансферттерді анықтау тәсілдерін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Сондай-ақ, Есеп комитетінің оларды қалыптастыру аудитінің қорытындылары туралы ақпарат тыңдалды.

Комитет төрағасы Ольга Перепечина өз сөзінде жалпы мемлекеттік және биліктің барлық деңгейлері арасындағы басқарудың тиімділігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ бюджет қаржысын ұтымды пайдалануда бюджетаралық қатынастар мәселелері зор маңызға ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінде жалпы сипаттағы трансферттердің қазіргі көлемі өңірлерді дамытудағы үйлеспеуді теңестіру міндетін өте баяу жүзеге асыруда. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі басым болуы, бюджеттің кіріс мүмкіндіктерін болжау проблемалары сақталып отыр.

- Осы және басқа да факторлардың болуына байланысты бюджетті жоспарлау сапасына, бюджетаралық қатынастарды одан әрі дамытуға, тұрғындарға мемлекет кепілдік берген теңдей қызметтерді ұсынуға теріс әсер етеді және тиісінше жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастырудың қолданыстағы әдістемесін неғұрлым терең жетілдіруді талап етеді, - деді Ольга Перепечина.

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова да өңірлердің республикалық бюджетке тәуелді екенін растады. Ол жергілікті бюджет кірістерінің жалпы көлемі үш жыл ішінде республикалық бюджеттен алынған қаражат үлесінің 58%-ын құрағаны туралы деректі келтірді. Бұл донор өңірлерді есепке алмағанда болған жағдай. Бұдан басқа, Есеп комитетінің төрағасы жалпы сипаттағы трансферттерді ұтымды есептеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды ұсынды.

Кездесу барысында қатысушылар трансферттердің осы түрін есептеуді жоспарлау және жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылады.