• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Ақпан, 2021

Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті

184 рет
көрсетілді

Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Қытай делегациясына Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Цуй Айминь төрағалық етті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті консулдық-құқықтық мәселелерін жан-жақты талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі елдің халықаралық әуежайларына кіруі/шығуының және транзитпен өтуінің қолданыстағы тәртібі туралы өзекті ақпаратпен алмасты.

 Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарына Қытайға бару үшін ҚХР жеке туристік және іскерлік визаларын беруді жалғастыру мүмкіндігі талқыланды.

Консультациялар барысында Қазақстан тарапы екі мемлекеттің ұлты қазақ азаматтарынан құралған отбасылардың қайта қосылу мәселелерін көтерді.