• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2013

Талантты ұстаз ғана бұлақтың көзін ашады

355 рет
көрсетілді

Мұғалімдер біліктілігін көтеруге ғылыми тұрғыдан қарауымыз қажет

Міне, бір жыл бойы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңа форматта жұмыс жасап келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүргізілген білім беру жүйесін жаңарту үрдісі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың инновациялық моделін – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құруға мүмкіндік берді.

 Мұғалімдер біліктілігін көтеруге ғылыми тұрғыдан қарауымыз қажет

Міне, бір жыл бойы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңа форматта жұмыс жасап келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүргізілген білім беру жүйесін жаңарту үрдісі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың инновациялық моделін – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құруға мүмкіндік берді.

Қазірде кадрлық құрамды және оның әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Біліктілікті арттыру жүйесіне ғылыми тұрғыдан келмей, тиімді нәтижеге қол жетпейтіні белгілі болып отыр. Өйткені, білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар жаңа формациялы мұғалімді даярлауды қажет етеді. Саладағы ғалымдар мен тәжірибелі мамандар жұмысының үйлесімділігі, сонымен бірге, барлық облыстық біліктілікті арттыру институттарын бір құрылымға біріктіру осы міндеттің ең дұрыс шешімі ретінде танылады.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қостанай облыстық филиалы – педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының материалдық-техникалық базасы заман тала­бына толық сай келеді. Онда 5 компьютерлік сынып бар, оның біреуі планшетпен жабдықталған, білімін арттыру үшін келген мұға­лімдердің ізденуіне өте қолайлы. Бізде оқытушылар құрамының әлеуеті де жоғары, олардың арасын­да ғылым кандидаттары бар. Қа­та­рымызға жаңаша ойлайтын те­геурінді жастардың қосылуы да сенімділікті арттыра түседі. Бірақ осы материалдық база мен профессорлар құрамының әлеуеті, олардың білімі мен тәжірибесі толық қуатында пайдаланылып отырылған жоқ. Оған осы саладағы мемлекеттік тапсырыстың азаюы мен шынайы емес бәсеке басты себеп болып отыр. Материалдық-техникалық базасы сын көтермейтін, оны жасайтын ғимараты жоқ мекеме мен материалдық базасы мықты, тәжірибесі мен білімі жоғары дең­гейдегі оқытушылар құрамы бар институтты салыстыруға бола ма? Білім беру саласындағы бәсеке шынайы болса игі.

Осы жылы филиал оқытушы­ларының 200-ден артық ғылыми мақаласы жарық көріп, 55 әдісте­мелік құрал, ұсынымдар мен бағдар­ламалары басып шығарылды, соның ішінде: «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальді білім беру жүйесін енгізу» әдістемелік ұсынымдары, «Педагогтың кәсіби дамуын психологиялық қолдау», «Зерек бала» мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту бағдарламасы, тағы басқа да көптеген республикалық, өңірлік және облыстық деңгейдегі іс-шаралар жоғары ғылыми-әдістемелік дәрежеде өткізілді. Уақыт талабына сәйкес мерзімді баспа өнімдерінің санын арттыру қажеттілігі туындады. Қазір біздің кадрлық және ресурстық әлеуетіміз «Білім-инфо» ақпараттық-әдістемелік журналын, «Вестник Өрлеу – kst» ғылыми-әдістемелік журналын, «Өрлеу – Қостанай дауысы» газетін, «Тренер – education» республикалық ақпарат­тық-әдістемелік журналын шығаруға мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің біліктілігі олар­ды дайындайтын оқытушы-профес­сорлар құрамының жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан, алдымен институтта жаңа форматты оқытушы-тренерлерді дайындау орталықтарын ашуға тиіспіз. Республикалық, халықаралық деңгейдегі конферен­циялар мен семинарларға қатысу жаңа ізде­ністерге бастайды. Білім саласында үйренетін үздік тәжі­рибесі бар Солтүстік Корея, Ұлы­британия, Фран­ция, Австралияда біліктілікті арттыру бізге шетелдік тәжірибенің жетістіктерін зерттеу мен қазір­гі жағдайға бейімдеуге, сол арқы­лы біліктілікті арттырудың инновациялық моделін жасауға көмектеседі. Әрине, сырттан үйрену ұзақ жылдар қалыптасқан отандық тәжірибені кері итеру деген сөз емес, қайта оны шетелдік озық әдістемелермен дамыта, жаңғырта түсуіміз қажет.

Бүгінгі таңда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акцио­нерлік қоғамы – мобильді, болып жатқан өзгерістерге тез және уақтылы икемделе білетін, педа­гогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды жоғары ғылыми-әдіс­темелік деңгейде өткізуді қамта­масыз ететін құрылым.

Марионелла СЛЕСАРЬ,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының

Қостанай облыстық филиалының директоры.

Соңғы жаңалықтар