• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Ақпан, 2021

Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

289 рет
көрсетілді

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есік сындырып кірген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны терезені сындырып, банк ғимаратына кірген. Алайда қаскүнемдер күзет дабылының іске қосылуына байланысты көздеген мақсаттарына жете алмады. Қылмыс жасалған жерге күзет кәсіпорындарының қызметкерлері де жедел жеткен. «21 және 23 жастағы екі күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Дәмханадан ішімдік ішіп шыққан жігіттер жеңіл жолмен баюды көздеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.