Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ИИДМ басшысы еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады.
Қорғаныс өнеркәсібін дамыту, инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ҒЗТКЖ әзірлеу және отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Бейбіт Атамқұлов қауымдастықтың отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудағы маңызды рөлін атап көрсетті.