• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2021

СҚО ПД бастығы халықпен кездесті

259 рет
көрсетілді

Үлкен басшылар кіші қызметкерлердің жұмысын тексергенде олардың баяндамасын тыңдаумен ғана шектелу қазіргі кезде дамыған практика болып отыр. Бастықтардың бәрі демесек те негізгі бөлігі орынтағынан көтеріліп, жергілікті жерді өз көзімен көріп, сондағы қызметкерінің іс-әрекеттерін халықтан сұрамайды. Осы тұрғыдан алғанда СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың істері көпке үлгі болғандай.

Ол кіші қызметкерлердің жұмыс барысын жергілікті жерлерге барып тексереді. Жуырда ол Қызылжар ауданындағы Якорь ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, халықтан учаскелік инспекторлардың жұмыс нәтижесін білді.

Кездесуде Марат Төлебаев облыстық және аудандық полиция басшылығы үшін облыстың әр тұрғынының пікірі маңызды екенін атап өтті. Якорь – қала маңындағы ауыл. Жақын маңда көлік көп жүретін жол бар, жазда қала тұрғындары дем алу үшін жиі келеді, сонымен қатар келгендердің ішінде қылмысты кәсіп қылғандары да болуы мүмкін. Учаскелік инспекторлар -полиция аға лейтенанты Әлібек Елубаев пен лейтенант Бахтияр Садуов төрт ауылға қызмет көрсетеді: Якорь, Ольшанка, Вишневка және Вознесенка. Учаскеде тұратын халықтың саны - 2585 адам. Өткен жылы сол аймақта 19 қылмыс тіркелді, оның 90% ашылды. Учаскелік пункт бір қабатты ғимаратта орналасқан және азаматтарды күнделікті қабылдауға қажетті барлық заттармен жабдықталған, үш бөлмесі бар.

Кездесуде Марат Төлебаев қатысушылардың пікір-ұсыныстарын тыңдады және көпшіліктің қошеметімен ауылдың жеті тұрғынына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, белсенді өмірлік ұстанымы үшін Алғыс хаттар табыс етті. Кездесу соңында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады. Облыстық полиция басшылығының ауыл тұрғындарымен, оның ішінде облыстың алыс аудандары тұрғындарымен кездесу тәжірибесі тұрақты өткізіледі және жалғасатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы