• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2021

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

203 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылатынын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында: «Өнеркәсіптік саясат мәні бойынша өндірістік нарықтың барлық қатысушыларының бірдей жағдай жасалуы керек. Заң жобасында экономикалық, әкімшілік, құқықтық, институционалдық және басқа жағдайларды қамтитын өнеркәсіптік климат ұғымын енгіземіз. Өнеркәсіптік климаттың жай-күйін бақылауды Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жүзеге асырады. Оның нәтижелері болашақ кезеңдерге арналған өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру кезінде ескеріледі. Осы мониторинг негізінде басқару шешімдері қабылданып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі бағаланады», деп айтты.

Өнеркәсіптік саясатты және мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру үшін бірінші кезекте өндірісте сауда қызметі реттеліп, инвестиция тартылып, инновацияларды дамыту арқылы өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың тиімді ведомствоаралық үйлестіруін қамтамасыз етуден тұратын институционалдық базаны шоғырландыру қажет.

«Бүгінгі таңда өндіріске қатысты функциялар әртүрлі ведомствалар арасында бөлінген. Индустриялық даму үшін Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің, сауда саясаты және экономикалық интеграция – Сауда және интеграция министрлігінің, инновациялық даму Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, шетелдік инвестицияларды тарту Сыртқы істер министрлігінің міндетінде. Өнеркәсіптік саясатты үйлестіруді қамтамасыз ету үшін негізгі заң жобасында Премьер-Министрдің орынбасары басқаратын Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру қарастырылған. Ал оның мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар болады», деді ол.