• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2021

«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді

498 рет
көрсетілді

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу - елдің стратегиялық дамуының негізгі факторы болып табылады. Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру ордасында келешек ұрпаққа  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу   жолдарымен таныстыру  басты мақсат болып келеді.

Осы орайда Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қолдауымен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің бастамасымен жастардың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "AntiParaCraft-2021" квест-ойынының салтанатты ашылуы өтті. Бастау алып отырған «AntiParaCraft-2021» студенттік квестінің алғашқы кезеңі білім ордасындағы факультеттер арасында іріктеу бойынша ең үздік бес  команда құрылып бірінші турға шықты.   Бірінші тур барысында командалар ұрандарымен таныстырып  шараға қатысу барысындағы  алға қойған мақсаттарын  қорғады.

«AntiParaCraft-2021» студенттік квест ойынының қазіргі таңда өзектілігіне байланысты білім ордасының доценті С.К.Алибеков жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін білім алушылар сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс деген пікір білдірді. Доцент Б.Т.Ауешова  қазіргі таңда жастардың бойына парасаттылықты қалыптастыру және жоғары оқу орындарында адалдық, әділдік, адамгершілік, сенімділік және басқа да ізгіліктерді дарыту бағыты бойынша тамаша бастама деген пікір білдірді.

Осы орайда сөз алғандар дамыған ел қатарына енуде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының деңгейін төмендету негізгі міндет екенін және оған әр адамның үлесі болуы керектігін жеткізді.

Шараның соңында  квест ойын өткізудің шарт талаптарымен  командалар таныстырылды және екінші турға тапсырмалары табысталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест төрт  кезеңде өтеді. Студенттер ойын түрінде пранк-арандатушылықты болжайды, сандық технологияларды қолдана отырып, криминалистикалық, интелектуалды және шығармашылық есептерді шешеді, бейневайндар жасайды. Бұл жоба бірегей болып табылады және жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған. Бұл шараның басты ерекшелігі студенттер арасында критикалық ойлау шеберлігін дамыту, өз ойын айқын жетілдіре білулері бағаланады.

Сонымен білім беру ордасының жастарына адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады деуге болады.