Облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің мәліметіне сүйенсек, былтыр қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келіпті.
Оның айтуынша, экологиялық заңнаманы сақтауға байланысты 83 тексеру жүргізіліп, 91 әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде 73 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 96 017 000 теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде қаулы шығарылып, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам құрайтын қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 106 ұйғарым ұсынылған.
«Былтыр «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» бойынша 252 бірлік мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 182 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріліп, 57 жобаға экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты теріс қорытындылар берілді. 13 жоба алдын-ала сараптамамен кері қайтарылды. «I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру» бойынша 71 қызмет көрсетілді. 53 өтінішке қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беріліп, 15 өтінімге рұқсат беруден бас тартылды» деді департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметов.
Сондай-ақ, экологиялық заңнама бұзған 244 дерек тіркеліп отыр.