• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2021

Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті

244 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында дәрігерлер мен медбикелердің еңбекақысы 30 пайызға артты. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы басшысы Бақытжан Позилов баспасөз брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзінше осы жылдың қаңтар айынан бастап қаладағы 3288 дәрігердің еңбекақысы 30 пайызға, 7535 орта буын медицина қызметкерінің еңбекақысы 20 пайызға артқан.

Сонымен қатар, Б.Позилов қаладағы эпидемиялогиялық жағдайды баяндады. Бүгінге дейін қалада өткен жылдың 24 наурыздан 2021 жылдың 26 ақпанға дейін COVID-19 ауруының 6 111 жағдайы тіркелген. Ал емделіп шыққан науқастар саны – 5 551.