• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2021

Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды

255 рет
көрсетілді

Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында медицина саласының 33 қызметкеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек,  ақ халатты жандар биылғы сайлау кезінде ПТР-тест өткізуге қатысқан.

«Сайлау өтерден бірнеше күн бұрын 42 анализ талдау пункті ашылды. Үш зертханада 5 мыңнан астам ПТР-тест өткізілді. Бұл жұмысты медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен атқарды. Алғыс айту күні қарсаңында сайлау кезінде сақтық шараларын ұйымдастыруға атсалысқан медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін» дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.