• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Ақпан, 2021

Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді

2593 рет
көрсетілді

Өткен аптада кәсіпкер, Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұлов зейнетақы қаржысын  автокөлік сатып алуға пайдалануға рұқсат беруді сұрап, тиісті министрліктерге айтқан ұсынысы талқыланып жатқанын хабарлаған едік.  

Ал кеше Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі LS порталы тілшілеріне кәсіпкердің ұсынысы туралы сауалына инвесторлар жинақ ақшасын тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін жібере алатынын айтып жауап берген. Осылайша, министрлік қазіргі уақытта жинақ ақшаны басқа мақсаттарға пайдалану мәселесін қарастыруды талқылап жатпағанын білдірді.

«Зейнетақы әрбір салымшының қарттығын қамтамасыз етеді»,  депті министрліктен.