• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2021

ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады

222 рет
көрсетілді

 Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан 70 адам санаториялық-курорттық ем алады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Тұрғындардан түскен сұрақтардың дені қабылдау барысында оң шешімін тауып, зерделеуге алынды. Сауал қойғандардың бірі – Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан Қажығали Байбатыр өзіне емес, барша ардагерлер үшін Алакөл жағалауына чернобыльдықтарға арналған жеке демалыс үйін салуды сұрады.

Өткен жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Алакөлде 21 чернобыльдық тынығып қайтқан. Биыл да Алакөл жағалауында оларға демалыс ұйымдастырылады.

«Жалпы бюджет қаражаты есебінен осы санаттағы азаматтар үшін ғана демалыс үйін салу мүмкін емес. Бірақ заңға сәйкес халықтың жекелеген санаттарын сауықтыру шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан 114 мүгедектің 70-ін санаториялық-курорттық емделуге жіберетін жеке бағдарлама әзірленді. Яғни, биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады», деді Даниал Ахметов.